Ұлықбек Есдәулет атындағы білім гранты табысталды

Кездесу кешінің ең ғажабы университет ректоры Мейір ЕСКЕНДІРОВТІҢ ұйғарымымен биыл мектеп бітірген үш түлекке «Ақын Ұлықбек Есдәулет атындағы білім грантын» ақынның өзі табыстауы болды. Яғни, үлкен өмірге енді қанат қаққан Мұратқали Назерке, Азамат Қайырбеков және Айшолпан Ғазизбекқызы енді университеттің ақын аты берілген грантында білім алатын болады.

Ректор М. Ескендіровтің айтуынша, білім гранты талантты жастардың үшеуіне де жауапкершілік жүктейді әрі қанаттандырады. «Бұл жас оқырмандарыммен кездесуге келген мен үшін де үлкен сый болды. Ақын атына білім грантын тағайындаудың салмағы да зор. Дегенмен, Мағжан ақын айтқандай, «Мен жастарға сенемін» дейді Ұлықбек Есдәулет. Сонымен қатар ақынға «Шәкәрім университетінің құрметті профессоры» атағы да берілгенін атап өткен жөн.

«Аякөздегі мектепті бітіріп, қалаға келгенде Шәкәрім университеті тағайындағын мұндай білім грантын алу мен үшін үлкен бақыт. Ұлықбек ақынның жырларына бала кезден қанықпын. Енді, міне, көз алдымда сол ағамыздың қолынан білім грантын алып тұрып жауапкершілігін де ұққандай болдым»,-дейді үш таланттың бірі Айшолпан ТІЛЕУТАЙ.
Фотолар автордікі.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)