Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Темірхан Медетбек

Темірхан Медетбек

02 июль 2018, Понедельник
299
0
– Поэзиямыздың абыройы да, беделi де, бұл сөзiмiздi қаласаңыз да, қаламасаңыз да – сол шоғыр. Абыройлы, беделдi сол шоғырмен иық тiрестiрiп қатар тұра алатындар, ешкiмнiң көңiлiне қарамай турасын айтар болсақ, бүгiнгi жер басып жүргендерден бiрен-саран ғана. Сол бiрен-саранның бiрi – сөз жоқ, Ұлықбек Есдәулетов. Ұлықбек ерте көзге түстi. Тоғызыншы класта оқып жүргенде бiр топ өлеңiмен «Лениншiл жас» (қазiргi «Жас Алаш») газетiнiң жарты бетiн алып жарқ ете қалғанда, әдебиетке тегеуiрiндi таланттың келгенiн үлкен ақсақалдарымыздан бастап, есiмдерiмiз көпшiлiкке ендi-ендi таныла бастаған бiздерге дейiн түгел мойындадық. Қызыға қарадық. Қуана қол соқтық. Сонан кейiн-ақ Ұлықбек қаламынан өлең сүйер қауымды тамсантып, тәнтi еткен жырлар жиi-жиi, толассыз туа бастады. Туған жердiң «шалғын исiн ауаға орап сiмiрiп», сүрiне-қабына алға ұмтылған сол албырт ақынның алғашқы мақсаты не болды екен? Сөйтсек, өмiрдiң қас-қабағынан балғын кезiнде-ақ салқындық сезген ол, «жүрегiнiң отымен кең дүниенiң дидарын жылытуға» асығыпты.
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры