Байланыс телефондары:
(727) 397–61–15
(707) 532-77-20
» » Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды

Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды

12 март 2018, Понедельник
173
0
Ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып сайланды деп хабарлады Азаттық тілшісі. Жаңа төраға Жазушылар одағының Алматыда өтіп жатқан XV құрылтайында сайланды.
Құрылтай таңертеңгі сағат 10-да басталған. Ұлықбек Есдәулетті төрағалыққа жазушы Төлен Әбдік ұсынды. Құрылтайда сөйлеген одақ мүшелерінің біразы Ұлықбек Есдәулеттің кандидатурасын қолдады. Төрағалыққа Есдәулеттен басқа кандидат ұсынылмады.
Жазушы Қабдеш Жұмаділов «Кім болса да, ары таза адам болсын, Ұлықбекті қолдаймын» деді. Ұлықбек Есдәулетті ұсынып, қолдағандар «Оған еркіндік берейік, өз командасын жинасын» десті.
Жазушылар Одағын ұзақ жыл басқарған Нұрлан Оразалинге құрылтайда шапан жабылды. Құрылтай басталғанда баяндама жасаған Нұрлан Оразалин төрағағалыққа түспейтінін, ол туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткенін айтқан.

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітап Палатасы-"Ақпараттық технологиялық орталығы" Қоғамдық қоры