Ұлықбек Есдәулет Əлемдік өнер жəне мəдениет Академиясының Алтын медалін иеленді

“Дүниежүзілік 37- поэзия конгресінің ашылу салтанатында Əлемдік өнер жəне мəдениет Академиясының президенті Маурис Янг (Франция), Моңғолия Президентінің өкілі, Мəдениет министрі, т.б. соң Қазақстан делегациясының атынан маған да сөз берілді. Менің сөзімді ақын Жүкел Хамай моңғол тіліне, басқа тəржімандар ағылшын, қытай, испан, орыс тілдеріне аударып жатты. Сөзімнің соңында құрылтайдың ұйымдасырушысы, негізгі тізгін иесі Гомбожав Менд-Ооёоға Абай атамыздың басмүсінін тарту етіп, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау хатын табыстадым. Жұрт ықыласпен қабылдады. Басқа да тілдерде құттықтаулар айтылып, баяндамалар жасалды.
Күні бойғы салтанатты бас қосу соңында əлемнің əр елінен келген белгілі ақындарды марапаттау болды. Менің өңіріме Əлемдік өнер жəне мəдениет Академиясының Алтын медалін сол ұйымның президенті өз қолымен тағып, əлемнің үздік ақындары қауымдастығына қабылданғаным жөнінде сертификат тапсырды. Мұндай медаль моңғолдың көрнекті ақыны Нямба екеумізге бұйырды. Ал біздің Қасымхан Бегманов бауырымызға сол Академия атынан гуманитарлық саланың докторы атағы беріліп, дипломын салтанатпен табысталды.
Сондай-ақ, конгреске қатысқан Қазыбек Иса мен Ғалым Қалибек төртеуімізді осы Академияның мүшелігіне қабылдау туралы ұйғарым жасалғаны, Қазақстанда осы Академияның бөлімшесін ашу құқығы берілетіні туралы жағымды жаңалық естідік.
Конгресс шығарған антологияға осы ақындар жырлары жарияланыпты.“
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)