Ұлықбек Есдәулет Қазақстан жазушылар одағының төрағасы қызметіне кірісті

Ақын Жанарбек Әшімжан жаңа төрағаның қызметіне кіріскен сәтінен фото суреттер жариялады.



Ұлықбек Есдәулеттің орынбасары болып Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек, Мереке Құлкенов пен Бауыржан Жақып тағайындалды.
Төраға болып сайланған Ұлықбек Есдәулет журналистерге берген сұхбатында ең біріншіден одақты батып отырған шығындардан құтқару мәселесін көтеретінін айтты.
«Алты ай бойы жазушылар одағының қызметкерлері айлық дегенді көрген жоқпыз. Салық пен жалақыны төлей алмай отырған жазушылар одағына мені төраға етіп сайлап, үлкен жауапкершілік жүктеп қойды. Бұған қатты қуанарлықтай жағдайым жоқ. Мен иығыма түсіп тұрған ауыр жүкті сезіп тұрмын. Ендігі мақсат - Жазушылар одағының жағдайын түзету. Жазушылардың жағдайын жасау секілді мәселе сонымен қоса жүреді», - деген еді жаңа төраға.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)