Ұлықбек Есдәулет қостанайлықтармен кездесті
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ақын Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылық кеші өтті. Жыр кешін белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет жүргізіп отырды. Ол жақында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің драматургия бағытындағы алғашқы туындысы «Зере» пьесасының жұртшылыққа ұсынылғанына тоқталды. Автордың айтуынша, шығармада Зерені тек ана ретінде ғана емес, қайраткер ретінде көрсетуге тырысқан.

Мұнан соң Ұлықбек ақын ортаға шықты. Ол Тобыл-Торғай топырағында туып-өскен ақын-жазушылардың қазақ қоғамына сіңірген еңбектерін атап өтті.

Келесі күні белгілі ақын биыл 95 жылдық мерейтойын атап өткен "Қостанай таңы" ұжымын құттықтай келді. Редакция қызметкерлерімен кездесіп, келелі сұхбат құрды. Жас журналистердің сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңестерін айтты.


"Мен журналистік жолымды облыстық газеттегі корректорлық қызметтен бастадым. Жалпы, көп жылдық тарихы бар басылымда кез келгені жұмыс істей бермейді. Бұл жауапкершілікті абыроймен алып жүре жағы тағы бар. Сол себепті , мынадай ақпарат ағыны толастап тұрған заманда баспасөздің беделі сіздердің қолдарыңызда", — деді ол. Басқосуда Ұлықбек Есдәулетов газет ұжымына өзінің кітабын сыйға тартты.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)