
– Мен Ұлықбекті 30-40 жылдан бері білем. Бізді табыстырған – поэзия. Қатар абитурент болдық. Ол сол кезде-ақ өзін дәлелдеп қойған. Ол поэзияға жайдан жай келе салған жоқ, ол поэзияның есігін ақын болып қақты. Бірден талант ретінде келді. Ұлықбектің ақындығы маған шыншылдығымен, шымырлығымен ұнайды. Біз доспыз. Мен оның өзін де, өлеңін де жақсы көрем. Ұлықбекке ең алдымен азаматтық бақыт, шығармашылық бақ тілеймін. Қазір көп ақындар соқыр жаңбыр сияқты. Жауын өткен сәттің екпінімен ақын болып жүре береді. Әріптес ретінде бақыт тілеймін.